"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жүк техникасына қызмет көрсету" құзыреттілігі бойынша World Skills Junior колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионаты

2021 жылдың 29 наурызында "Степногорск қ., индустриалдық-техникалық колледжі" МКҚК "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандығы бойынша "Жүк техникасына қызмет көрсету" құзыреті бойынша жыл сайынғы конкурс өтті.

Байқауды өткізу мақсаты: 
- студенттер алған білім сапасының деңгейін анықтау;
- мамандықтың беделін арттыру;
- білім алушылардың кәсіби біліктері мен дағдыларын жетілдіру;
- конкурсанттар жұмысының үздік жеке көрсеткіштерін анықтау. 

2-ТМа-19 тобының, екінші курс студенттері  Бабешко Денис, Бурмистров Руслан, Клименко Никита қатысты.

Қазылар алқасы қатысушылардың жұмысын бағалады:
Бас сарапшы - Қасенов Оразбай Теміртасұлы;
Сарапшылар- ө/о шеберлері Вишницкий Анатолий Васильевич және Кусаинбеков Марат Богембаевич; 
Техникалық сарапшы – ө/о шебері Бойрабаев Рүстем Бойрабайұлы.

Байқау 2 модульден тұрды:
- теориялық бөлімді тестілеу және практикалық бөлім, тапсырмалар кешенін орындау:
1. ЗиЛ-130 қозғалтқышының клапан жетегіндегі жылу саңылауларын реттеу.
2. ЗИЛ-130 қозғалтқышының тұтануын цилиндрлердің реттілігі мен жұмыс тәртібіне сәйкес орнату.  

Байқаудың барлық қатысушылары жақсы білімдері мен жүк көліктеріне қызмет көрсету саласында өз дағдыларын жүзеге асыра білетіндіктерін көрсетті. Әрбір қатысушының жеңіске жету және мамандықта бірінші болу ниеті көрінді. Сарапшылар қойған ұпайлардың қорытындысы бойынша 1-орынды Бабешко Денис иеленді.

Қалған қатысушылар номинациялар алды:
"Мен бірінші болғым келеді" - Бурмистров Руслан;
"Жеңіске деген ерік" - Клименко Никита.

Байқау жеңімпазына кәсіби табыс тілейміз!

Ө/о шебері Бойрабаев Р.Б.

 

Жаңартылған күні: 02.04.2021 10:35
Құрылған күні: 02.04.2021 10:35

Текст