"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионаты WorldSkills Junior "Жүк техникасына қызмет көрсету" құзыреттілігі бойынша»

 2021 жылдың 2 сәуірінде "Степногорск қаласының индустриалдық-техникалық колледжі" МКҚК-да "Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану" мамандығы бойынша "Жүк техникасына қызмет көрсету" құзыреті бойынша жыл сайынғы конкурс өтті. Оған 2-ЭМ-19 тобының екінші курс студенттері, Алимбергенов Василий, Каиргельдин Аян, Коткин Иван қатысты.

Байқауды өткізу мақсаты:
- студенттер алған білім сапасының деңгейін анықтау;
- мамандықтың беделін арттыру;
- білім алушылардың кәсіби біліктері мен дағдыларын жетілдіру;
- конкурсанттар жұмысының үздік жеке көрсеткіштерін анықтау.

Қазылар алқасы қатысушылардың жұмысын бағалады:
Бас сарапшы - Қасенов Оразбай Теміртасұлы;
Сарапшылар- ө/о шеберлері Бойрабаев Рүстем Бойрабайұлы және Құсайынбеков Марат Богембаевич;
Техникалық сарапшы – ө/о шебері Айымбетов Данияр Маратұлы.

Байқау 2 модульден тұрды: 
- теориялық бөлімді тестілеу және практикалық бөлім арқылы, тапсырмалар кешенін орындау:
1. ЗиЛ-130 қозғалтқышының клапан жетегіндегі жылу саңылауларын реттеу. 
2. ЗИЛ-130 қозғалтқышының цилиндрлеріне байланыстырушы шыбықтары бар поршеньдерді поршеньдік топтың реттілігі мен құрастыру тәртібіне сәйкес орнату.

Байқаудың барлық қатысушылары жақсы білімдері мен жүк көліктеріне қызмет көрсету саласында өз дағдыларын жүзеге асыра білетіндіктерін көрсетті. Әрбір қатысушының жеңіске жету және мамандықта бірінші болу ниеті көрінді.
Сарапшылар қойған ұпайлардың қорытындысы бойынша 1-орынды Коткин Иван иеленді. Қалған қатысушылар номинациялар алды: "Бірінші болғым келеді" - Қайыргелдин Аян, "Жеңіске деген ерік" - Василий Алимбергенов.

Байқау жеңімпазына кәсіби табыс тілейміз!

Ө/о шебері Д. М. Айымбетов

Жаңартылған күні: 04.04.2021 15:06
Құрылған күні: 04.04.2021 15:06

Текст