"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Асыл мұра

20.09.2022

Әр халықтың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан асыл мұрасы –ана тілі. Сөнбес жұлдызымыз, ұлы педагог, тіл білімінің зерттеушісі Ахмет Байтұрсынов тіл мәселесіне үлкен көңіл бөлген. «Әр ұлттың сақталуына да, жоғалуына да  себеп болатын тіл» деген . Осы  рухани байлығымызды құрметтеу  және сақтай білу  мақсатында, өткен аптада еліміз  дәстүрлі Тілдер мерекесін атап өтті. Степногорск Жоғары колледжінде филология пәндер оқытушыларының жоспары бойынша әр-түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Тілдер аптасында 1-4 курс студенттері  ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларға , конференция мен интеллектуалды ойындарға  және түрлі   сайыстарға  белсенді қатысты. Әсіресе ,«Өлең - сөздің патшасы»   деген көркемсөз оқу сайысы жастарымыздың мемлекеттік тілге және өзге ұлт тілдеріне деген құрметтері мен қызығушылықтарын  білдірді.Поэзия  сайысында 36 студент  қазақ, орыс, ағылшын тілінде Отан, Туған тіл, Достық туралы белгілі ақындардың өлеңдерін  мәнерлеп оқып,көрермендерді қуанта білді.

Болашақ мамандарымыз   Қоңырова Мәншүк 3СКД-20, Мельник Анна 1ТТМ-22,Хамзин Чингиз 1КИПиА-22,Әлжан Аида 1Б-22,Суханов Никита 1ВТ-22,Сексенова Диана 3ОП-20,Забродин Данил 2ДСМ-21,Бек Карина 1Д-22, Скнарин Андрей 2ТТМ-21,Багдатова Саяна 1Б-22   жүлделі орындарға ие болды. Тілдер  апталығы  мерекелі «Достық фестивалімен» аяқталды. Жоғары колледждің оқу-өндіріс жөніндегі орынбасары  Тюрющева Г.А. жеңімпаздарды мақтау қағаздармен марапаттап , алда жоғары табыстарға жетулеріне сенім білдірді. Осы шараларды қазақ, орыс ,ағылшын  пәндерінің оқытушылары Тупина И.А,Омарова Ш.Ж. Аубакирова Ф. К,Жангакова Г.Ж, және 3СКД-20 тобының  оқу-өндіріс шебері Қызыр А.К жоғары  деңгейде  өткізгендері сөзсіз. 

Тілдер мерекесі өтсе де, студенттерімізді   алда қиын және қызықты  оқу  жолы күтеді.   Біздің басты  міндетіміз: жастарға   кәсіби білім ғана бермей, оларды  дұрыс тәрбиелеу,өз ана тілін білу ,мемлекеттік тілді үйренуге бағыттау  және  бәсекеге қабілетті  саналы ұрпақты қалыптастыру.    

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Алиева Б.С

Просмотров: 1543


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст