"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Worldskills Чемпионаты – актерлік шеберхана

18 ақпан, 2022 жыл «Ақмола облысының білім басқармасына қарасты Степногорск қаласының жоғары колледжі» КММ-де «Әлеуметтік-мәдени іс-шаралар» құзыреті бойынша кезекті колледж ішілік WorldSkills чемпионаты өтті. Чемпионатқа «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халық шығармашылығы» мамандығы бойынша оқитын бес үшінші курс студенттері: Дамина Абенова, Александра Бондарец, Любовь Владимирцева, Валерия Савицкая, Анастасия Янцен қатысты.

Бұл чемпионаттың мақсаты – мамандықтың беделін арттыру, студенттердің кәсіби-шығармашылық шеберлігін шыңдау, өскелең ұрпақты қала, облыс, республика деңгейіндегі түрлі байқауларға қатысуға белсендіру.
Чемпионат бір модульден тұрды:

1. Көркем образ жасау.

Қатысушылардың міндеті: грим, костюм, монологтық мәтін, сахналық пластика және актерлік шеберлікті пайдалана отырып, жеребе бойынша алатын кейіпкердің көркем бейнесін жасау болды.
 Тапсырмамен танысқаннан кейін қатысушыларға әр тапсырмаға тура екі жарым сағат уақыт берілді.
Сарапшылар жұмыс барысын бақылап, қатысушылардың соңғы нәтижелерін бағалады:
Бас сарапшы:

1. Баймамбетов Әбілқайыр Құттыбайұлы – «Горняк» ЦДК» МКҚК көркемдік жетекшісі.

2. Титовский Дмитрий Владимирович – арнайы пәндер оқытушысы.

3. Хуснулина Ольга Александровна – арнайы пән оқытушысы.

Жарыс кезіндегі жұмыс барысын және қауіпсіздік техникасын техникалық сарапшы – өндірістік оқыту шебері Александра Олеговна Воронина бақылады.

Чемпионатқа қатысушылардың барлығы алға қойылған тапсырманы тез орындады. Барлығы жеңіске ұмтылды, жарқын, қызықты кейіпкерлерді жасады: Баба Яга, Гоблин, Ведьма, Қарақшы және Шляпа. Сарапшылардың бірауыздан шешімімен орындар келесідей бөлінді:

1 орын – Владимирцева Любовь;

2 орын – Анастасия Янцен;

3 орын – Абенова Дамина.

Барлық қатысушылар байқаудың соңына адекватты түрде жақындап, жеңімпаздарды қолдап, келесі сынақтарға мақсаттар қойды.

Өнер магистрі: Воронина Александра Олеговна

 

Жаңартылған күні: 09.03.2022 14:41
Құрылған күні: 09.03.2022 14:27

Текст