Текст
Пәні: Бұқаралық ойындар
«Эстафеталық жарыс»
Ашық ойындарсыз және белсенді ойын-сауықсыз мерекені елестету қиын. Көңілді эстафеталар жайлы атмосфераны қалыптастырады және оқиғаны жандандырады. 06.02.24 СКД -23 1 тобында үзіліс кезінде студенттермен эстафеталық жарыстар дайындалып, өткізілді. Студенттердің алдында кіші топтарға бөлу және топтарға эстафета дайындау міндеті тұрды: 4 СҚД, 4 ТМА, 2 СҚД, 2 ЖКМ. 1-топ СКД -23 ойын ережесін түсіндіріп, эстафета түрін таңдап, топтарды жинап, жеңімпазды анықтап, эстафетаның қорытындысын шығару керек болды.
Мұғалім: Хуснулина О.А.