Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес, бүгін "Степногорск қаласының жоғары колледжі" МКҚК-да колледж басшысы Елена Владимировна Крайнева ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Елена Владимировна Мемлекет басшысы бекіткен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері мен талаптарын айтты.
Іс-шараның негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, егер сіз сыбайлас жемқорлық фактілері туралы білсеңіз, онда сіз 1424 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына жүгіне аласыз.