"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Интерьер дизайны" құзыреттілігі бойынша WorldSkills Aqmola-2021 VI аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты

WorldSkills Kazakhstan жаңа құзыреттерді енгізуді көтермелейді, елдің бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық табыстылығы үшін қажетті заманауи дағдыларды тиісті түрде көрсететін құзыреттер бойынша жарыстар диапазонын кеңейтуге ұмтылады. Биыл алғаш рет Өңірлік чемпионатқа "Интерьер дизайны" құзыреті енгізілді.

Интерьер дизайны-маңыздылығы мен күрделілігі үнемі өсіп келе жатқан мамандық. Интерьер дизайнері әртүрлі ғимараттар мен кеңістіктердің дизайнын жасайды.

6-7 сәуірде "Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі" МКҚК базасында "Интерьер дизайны" құзыреттілігі бойынша өңірлік чемпионат өтті.Конкурстық тапсырманың мазмұны интерьер дизайны болды. Әрбір тапсырма интерьер дизайны саласында жұмыс істеудің әртүрлі практикалық және теориялық дағдыларын тексеру мақсатында жасалды, оған клиенттің талабы негізінде жобалық шешімді әзірлеу, жоспарланған жобаны жүзеге асыруға тікелей қатысу, белгілі бір реквизиттер (өнер) жасау кірді және одан кейін оны конкурсант әзірлеген ортаға орнатуды қамтиды.Конкурстық тапсырмада дәйекті түрде орындалатын бірнеше модуль болды. Әрбір орындалған модуль жеке бағаланды. Барлық қатысушылар тапсырмаға енгізілген скандинавиялық стиль белгілері туралы білімдерін көрсетті; ұсынылған бояулармен қабырға бетін жабуда кәсіби жұмыс жасау қабілеттерін көрсетті және интерьердің сәндік элементі — ұсынылған материалдардан жасалған арт-нысанды жасады.

Біздің колледждің қатысушысы Сұңғат Әділ қойылған міндеттерді жақсы орындап, жүлделі орындардың бірін иеленді. Оған жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмай, үнемі алға жылжып және кез келген биіктерді бағындыруды тілейміз!

Габченко В. А

 

Жаңартылған күні: 08.04.2021 16:59
Құрылған күні: 08.04.2021 16:59

Текст