"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Электромонтаждау ісі" құзыреттілігі бойынша чемпионат

2021 жылдың 18 ақпанында "Степногорск қ., индустриалдық-техникалық колледжі" МКҚК "Электромонтаждау ісі" құзыреттілігі бойынша WorldSkills колледжішілік чемпионаты өткізілді. Аталған чемпионатты өткізудің мақсаты жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіру, "WorldSkills Akmola"өңірлік чемпионатына қатысу үшін жас ұрпақтың қызығушылығын дамыту болып табылады.

Байқауға "Өнеркәсіптегі электромеханикалық жабдықтар" бітіруші тобының 5 студенті қатысты: Алимжанов Аян, Маер Герхард, Михайлов Дмитрий, Плотников Михаил, Сапаргалиев Алихан.

Байқау екі модульден тұрды:
1. Асинхронды қозғалтқышты кері қосу.
2. Ақаулықтарды табу және жою.

Байқаудың ұзақтығы 3 сағатты құрады.

Осы байқаудың сарапшылары:  
1. Лазько Анатолий Александрович – "Сокол-С" ЖШС бас энергетигі
2. Рыжих Татьяна Александровна-шеберхана меңгерушісі
3. Петрова Ирина Валерьевна-Арнайы пәндер оқытушысы.

Байқау кезінде жұмыс барысы мен қауіпсіздік техникасына техникалық сарапшы жауап берді: Ваховский Роман Михайлович – өндірістік оқыту шебері.Чемпионат қатысушылары схеманы қосу жұмыстарын орындауға жауапкершілікпен қарады, сарапшылар қойған мәселелерді терең қызығушылықпен іздеді және шешті.

Жұмыс аяқталғаннан кейін сарапшылардың шешімімен 1 орынды Плотников Михаил, 2 орынды Әлімжанов Аян, 3 орынды Маер Герхард иеленді. Қатысушылар жұмысты лайықты атқарып, нәтижелеріне қуанышты болды. Біздің бас сарапшымыз Анатолий Александрович Лазькоға мықты ынтымақтастығы үшін, сондай-ақ студенттеріміздің еңбек тәрбиесіне қатысқаны үшін алғыс айтқым келеді.

Чемпионат қатысушыларына сәттілік және алға қойған мақсаттарына жетуді тілеймін.

Ө/о шебері: Р.М.Ваховский

Жаңартылған күні: 19.02.2021 11:36
Құрылған күні: 19.02.2021 13:45

Текст