Демонстрациялық емтиханды өткізудің мақсаты студенттердің нақты құзыреті бойынша WorldSkills стандарттарына сәйкес кәсіптік қызметті жүргізуге және жұмысты орындауға мүмкіндік беретін кәсіптік даярлық деңгейін айқындау болып табылады.
Емтихан тапсырмалары:
1. Кәсіби дайындықты дамыту.
2. Жұмысшы мамандықтардың беделін атап өту.
3. Өзінің практикалық дағдылары мен іскерлігін көрсету.
4. Кәсіби қасиеттерді одан әрі жетілдіру.
Топ студенттеріне бақылау-өлшеу құралдарына техникалық қызмет көрсету және визуалды тексеру тапсырмасы берілді. Олардың әрқайсысында жұмыс істейтін тәжірибе орындарына сәйкес жеке құрылғы болды. Балалар толық жауапкершілікпен қарады, өйткені берілген дәреже жеке көрсеткіштерге байланысты болды.
Балалардың жұмысын бағалады:
1. Садвокасов Е В - "ЕПК Степногорск" АҚ ССП бюросының бастығы
2. Тополя В.В. –1 корпустың аға шебері
3. Голубева И.Я. ө/о шебері.
Емтихан жоғары кәсіби деңгейде өтті, балалар жақсы білім, білік және дағдыларды көрсетті. Сарапшылар ұсынған стандартты емес жағдайлар шешілді, студенттер барлық тапсырманы орындады. Мұны комиссияның барлық мүшелері бағалады. Қатысушыларды демонстрациялық емтиханды сәтті тапсырумен құттықтаған кезде бас сарапшы Е.В. Садвокасов кейбір студенттерге жұмысқа орналасу мәселесін талқылауды ұсынды. Сондай-ақ, ол одан әрі кәсіби даму, табыс және денсаулық тіледі.
Ө/о шебері Голубева И. Я.