Демонстрациялық емтихан-бұл білім алушыға өндірістік жағдайға жақын жағдайларда игерілген кәсіби құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін рәсім. Демонстрациялық емтихан кәсіби білім беру саласындағы түлектің сапалы дайындығын растау үшін қажет, бұл өз кезегінде қолданбалы қызмет болып табылады.
19.05.2021 жылы колледжде "Есеп және аудит"мамандығы бойынша демонстрациялық емтихан өтті. Демонстрациялық емтиханның негізгі мақсаты білім алушыларда кәсіби қызметті жүргізуге мүмкіндік беретін білім, білік, дағды деңгейін анықтау болып табылады. Әлеуметтік серіктес, Сбербанк АҚ ЕБ сату менеджері Татьяна Викторовна Сидоренко кірген комиссия мүшелері студенттердің жұмыстарын бақылап, бағалады.
Емтихан барысында 3 Б-18 тобының студенттері алынған бизнес-жоспар, ұйым туралы деректер және нормативтік құжат бойынша қаржылық жоспарды есептеу кезінде жақсы білім деңгейін көрсетті.
Қорытынды бойынша барлық студенттер емтихан тапсырып, қорытынды аттестаттауға дайындалуда.
Ө/о шебері А.Г.Нуржаксина