«Эрудит -2109»

Сәлеметсің бе, менің қымбатты оқырманым! Біздің колледжде дәстүрлі марафонға айналған жалпы білім беру пәндері бойынша колледж студенттері арасында 15-19 сәуір аралығында өткен «Эрудит-2019»  зияткерлік марафоны аяқталды. Бұл өмірде кез келген жайт өзгереді, сол сияқты біздің олимпиада биыл тек 1 курс студенттері арасында өтті. Олимпиадаға оқытудың 1 курсының пәндері: математика, физика, химия, Қазақстан тарихы, орыс тілі әдебиеті, қазақ тілі әдебиеті, ағылшын тілі пәндері кірді. Апта бойы біздің колледж студенттері пәндер бойынша үздік білімдерін көрсетті, ең жоғары балл алып, көшбасшылық ұстанымдары үшін күрес бір минутқа да тоқтаған жоқ. Барлық қатысушылар жеңіске жеткілері келді, өйткені олардың әрқайсысы осы жеңіске лайық болды.

22.04.2019 жылы «Степногорск қаласы, индустриялық-техникалық колледжінде» «Эрудит-2019» зияткерлік байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау бойынша салтанатты іс-шара өтті. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды жалпы білім беретін пәндердің оқытушылары марапаттады. Бұл күні барлығы көтеріңкі көңіл күйде болды. Қорытындылай келе, жеңімпаздар үштігі келесідегідей болды:

 

3 орын-Меркушева Дарья, 1 ТПП-8 тобының студенті;

2 орын – Куц Александра, 1 Б-18 тобының студенті;

1 орын – Шванева Анна, 1 ТПП-8 тобының студенті.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға болашақта жоғары нәтижелер мен үлкен жеңістер тілейміз!