Текст
2020 жылдың 27-29 мамыр аралығында Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Степногорск қ., индустриалдық-техникалық колледжі» МКҚК «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» КЕМ сыртқы сараптау комиссиясының сапары өтті. Колледж 17 мамандық, 24 біліктілік бойынша институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтті. 9 маусымда аккредиттеу кеңесінің отырысы өтті, онда Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Степногорск қ., индустриалдық-техникалық колледжі» МКҚК-нын 5 жыл мерзімге аккредиттеу туралы шешім қабылданды. Біз колледж ұжымын аккредиттеуден сәтті өтуімен құттықтаймыз және білім сапасын арттыруда одан әрі табыс тілейміз.
Автор: Н. Ерещенко
Аударма: А. Есжанова