30 Сәуірде WorldSkills Aqmola-2021 VI өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының жабылуы өтті. Өңірлік чемпионаттың қорытындысы мен жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау "Болашақ сарайы" сарайында өтті.
Біздің колледждің "Интерьер дизайны" мамандығы бойынша 3 курс студенті Сахнова Илона "Визуалды мерчандайзинг және витринистика" құзыреттілігі бойынша бірінші орын алды. Ақмола облысы әкімінің қолынан Илона алтын медаль, 1-дәрежелі диплом, естелік кубок, 50 000 теңге сомасында сертификат алды.
Биылғы жылы кәсіби шеберлік чемпионатына облыстың 30 колледжі, 57 құзыреттілік бойынша 280-нен астам қатысушы қатысты. Олардың ішінде "Бизнеске арналған ІТ шешімдер", "Мехатроника", "Визуалды мерчандайзинг және витринистика", "Электрмонтаждау ісі", "Шаштараз ісі", "Аспаз ісі", "Сити Фермер", "Smart агрономия", "Виртуалды және қосылған шындық", "Музыканы оқыту" және т. б., сондай-ақ алғаш рет Шоқан Уәлиханов ат. Көкшетау университетінің студенттері мен "Болашақ сарайы" балалар және жасөспірімдер сарайының тәрбиеленушілері қатысты.
WorldSkills Kazakhstan 2021 Ұлттық чемпионатында Ақмола облысының намысын қорғайтын барлық жеңімпаздарға сәттілік тілейміз.
Ө/о шебері Т.О.Шевченко