ҚР Тұңғыш Президенті күніне арнап өткізілген жарыстың есебі

Колледждің әскери-патриоттық тәрбие жоспары бойынша, 2019 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған бірінші курс студенттері арасында әскери-спорттық жарыстар, келесі түрлер бойынша өткізілді: 
- Калашников автоматын толық емес бөлшектеу;
- толық емес бөлшектеуден кейін Калашников автоматын қайта құрастыру.
Осы іс-шараның мақсаты мен міндеттері:
- қару-жараққа қызығушылықты дамыту және оларды ұрыс кезінде пайдалану, жылдамдықты арттыру;
- қазақстандық патриотизмді және өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
- Спорттық шеберлікті жетілдіру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарысқа 1 курстың әр тобынан 2 студенттен 8 ұлдар командасы және 4 қыздар командасы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша төмендегілер жеңімпаз атанды:

1 курс ұлдары арасында
3 – орын: 1 ОП-19 және 1 АК-19 топтарының командалары
2 – орын: 1 МЭ-19 тобының командасы
1 – орын: 1 Э-19 тобының командасы

1 курс қыздары арасында
3 – орын: 1 ОП-19 тобының командасы
2 – орын: 1 ТПП-19 тобының командасы
1 – орын: 1 СКД-19 тобының командасы.

ТОЛЫҚ ЕМЕС БӨЛШЕКТЕУ
1 Э-19 топ студенті Нұрсұлтан Қайыржан 12 сек. нәтижесімен;
1 СКД-19 топ студенті Любовь Владимирцева 20 сек. нәтижесімен;

ТОЛЫҚ ЕМЕС БӨЛШЕКТЕУДЕН КЕЙІН ҚҰРАСТЫРУ
1 Э-19 топ студенті Алмат Байжигитов 23 сек. нәтижесімен
1 СКД-19 топ студенті Лейла Аякбаева 29 сек. нәтижесімен жеке біріншіліктердің жеңімпаздары атанды.

Біз жеңімпаздарға алдағы уақытта жеңістер тілейміз, ал қалған колледж студенттеріне, әрине, жоғары және үздік нәтижелерге жетуді тілейміз!!!

К. Бакбергенов, АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы

Аударған: Джункабаева З.А

Қосымшалар: