"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) қызмет беруші арқылы жүгінген кезде-20 минут;

2) қызмет берушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде - 3 (үш) жұмыс күні;

3) қызмет берушінің орналасқан жері бойынша емес Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – 7 (жеті) жұмыс күні.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;

2) Мемлекеттік корпорацияда қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

Қызметті алу үшін құжаттар тізімі:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады);

3) білімі туралы диплом;

4) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

5) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат;

6) біліктілік санатын беру туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты болған адамдар үшін);

7) Білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру;

8) ұлттық біліктілік тестілеуді өткізуге жауапты білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым қызметкерінің қолымен және мөрімен куәландырылған ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы құжат;               

9) білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жетістіктерін растайтын құжаттар (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін, ПМПК педагогтерін қоспағанда);

10) кәсіби жетістіктерін және тәжірибені жинақтауды растайтын құжаттар; туралы сертификат, 3-11) сабақтарды/сабақтарды бақылау парақтары (ПМПК педагогтерін қоспағанда);

11) - тармақтарда көрсетілгенн құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Қызметті "Азаматтарға арналған үкімет"  (ХҚКО)  Мемлекеттік корпорациясы немесе "Электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы немесе колледж кеңсесі арқылы алуға болады.

Мемлекеттік қызметтерді алуға байланысты барлық рәсімдер кеңес беру мүмкіндігімен, барынша ашық форматта ұйымдастырылған. Ол үшін колледжде электрондық пошта және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар құрылды.

Жаңартылған күні: 09.03.2021 15:54
Құрылған күні: 09.03.2021 15:59

Текст