"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аймақтық WorldSkillsAqmola2021 чемпионаты құзыреттілігі: "Жүк техникасына қызмет көрсету»

2021 жылдың 19 наурызында Көкшетау қ. "КамАЗ Автосервистік орталығы" ЖШС базасында "Жүк техникасына қызмет көрсету" құзыреттілігі бойынша жыл сайынғы WorldSkillsAqmola2021 аймақтық чемпионаты өтті.

Чемпионатты өткізудің мақсаты: жұмысшы мамандықтар мен болашақ мамандардың кәсіби шеберліктерін арттыру, WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатына қатысу үшін үздік студенттерді анықтау. 

Индустриалдық-техникалық колледжі МКҚК атынан аймақтық чемпионатқа түлек Константин Колениченко және эксперт-компатриот Бойрабаев Рүстем Бойрабаевич қатысты.

Конкурстық тапсырманың мазмұны жүк техникасына қызмет көрсету болды және жеребе арқылы анықталған ретпен орындалатын 4 модуль болды. 

"А" модулі-қозғалтқыш жұмысын басқару жүйесі; "B" модулі - тежегіш жүйесі; "C" модулі - рульдік басқару жүйесі және тежегіш жүйесі; "D" модулі - автомобильдің жүріс бөлігі.

Қазылар алқасы қатысушылардың жұмысын бағалады:
Бас сарапшы-Анискин Б.Б., КамАЗ АО ЖШС бас механигі;
Бас сарапшының орынбасары-Тюлегенов Д.Е., КамАЗ АО ЖШС кепілдік жөніндегі инженері; 
Сарапшылар-компатриоттар.

Байқаудың барлық қатысушылары жақсы білімдері мен жүк көліктеріне қызмет көрсету саласында өз дағдыларын жүзеге асыра білетіндіктерін көрсетті. Әрбір қатысушының жеңіске жету және мамандықта бірінші болу ниеті көрінді.
Байқау қорытындысы бойынша, сарапшылар қойған ұпайларды есептегеннен кейін, біздің сайыскер Константин Колениченко 2-ші орынға ие болды. Қатысушымызды құттықтаймыз! 

Ө/о шебері Бойрабаев Р.Б.

 

Жаңартылған күні: 25.03.2021 17:35
Құрылған күні: 25.03.2021 17:35

Текст