Биатлоннан республикалық жарыстар

22 желтоқсанда Алматы қаласында "Алатау" шаңғы-биатлон кешенінде Қазақстан Республикасының Кубогы үшін жеке спринтте еркін жүріспен республикалық жарыс өтті, онда "әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем шығармашылық"мамандығы бойынша 3-курста оқитын біздің колледждің студенті Крюкова Арина жеңіске жетті.

6 қаңтарда Алматы қ. биатлоннан Қазақстан Республикасының Кубогы аяқталды, онда Ақмола облысының спортшылары 28 марапатқа ие болды. Жасөспірімдер арасындағы "Аралас эстафета" жарысында чемпиондардың бірі біздің Арина Крюкова болды, ал жасөспірімдер арасындағы жеке жарыста Арина Крюкова тұғырдың екінші сатысына көтерілді.

Осы жарыстардың қорытындысы бойынша Арина Австрияға барады, он жақта біздің елімізді таныстырады.

Аринаны жеңісімен құттықтаймыз және осындай мыңдаған марапаттар мен сәтті жарыстар тілейміз!

​