08.02.23 «Ақмола облысының білім басқармасына қарасты Степногорск қаласының жоғары колледжі» КММ-де «Кірпіш қалау» құзыреті бойынша WorldSkills Kazakhstan-2023 колледжішілік чемпионаты өтті.
WorldSkills Kazakhstan стандарттарына сәйкес білім, білік және тәжірибелік дағдылар деңгейін анықтау мақсатында оқушыларды одан әрі аймақтық және республикалық WorldSkills байқауларына қатысуға мүмкіндік беретін дайындау әдістері қолданылды.
Чемпионатқа техникалық сарапшы А.Мусина «Рельефті кірпіш өңдеу» бір модулінен тұратын сайыстық тапсырма әзірледі. Тапсырманың орындалуын бағалайтын сарапшылар ретінде «МСУ-104» ЖШС директорының орынбасары А.Козейчук, өндірістік оқыту шебері С.Ахетов және арнайы технология мұғалімі А.Лагунов қатысты.
Чемпионатқа 3МС-20 тобының 6 студенті қатысты: Бондаренко Карина, Бостанов Тимур, Кокарев Руслан, Локтев Сергей, Мочина Олеся, Ломакин Дмитрий.
Байқау қорытындысы бойынша түлектердің орындаған жұмыстарының сапасы өндіріс мамандары тарапынан жоғары бағаланып, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы атап өтілді. Барлық қатысушылар біліктілік деңгейін растады.
Колледж біріншілігі сарапшыларының шешімімен Руслан Кокарев 1-ші орынды, Локтев Сергей 2-орынды, Карина Бондаренко мен Олеся Мочина 3-орынды бөлісті. Сондай-ақ байқауға қатысушылар Тимур Бостанов пен Дмитрий Ломакин сәйкесінше «Жеңіске ұмтылу» және «Менің мамандығым – құрылысшы» номинацияларымен марапатталды.
Өндірістік оқыту шебері Мусина А.Д.