WorldSkills Kazakhstan қозғалысы қазіргі әлемдегі ең басым бағыттардың бірі болып табылады, оның міндеті жұмысшы мамандықтарды дәріптеу.
2021 жылдың 5-6 сәуірінде Көкшетау қаласында " Наубайхана шеберлігі" құзыреттілігі бойынша WorldSkills аймақтық чемпионаты өтті.
Аталған құзыретке Ақмола облысы колледждерінің (Степногорск, Көкшетау, Щучинск, Атбасар, Есіл және т. б.) 12 студенті қатысты.
Байқау тапсырмасы екі модульден тұрды. 1. Салмағы 0,060 граммнан аспайтын ұсақ даналы бұйымдарды 20 дана мөлшерінде дайындау. 2. Салмағы 0,750 грамнан аспайтын жұмбақ нан, 2 дана дайындау. Әр модульге 180 минут уақыт бөлінді.
Компатриоттар (колледж өкілдері) және тәуелсіз қазылар алқасы (Көкшетау қ.әлеуметтік серіктестері) конкурстық тапсырмаларды бағалады.
Қатысушылардың кәсіби шеберлігін бағалаудың негізгі критерийлері: бұйымдарды қалыптаудағы күрделі формалар, шикізатты шығармашылық тұрғыдан пайдалану және үнемді пайдалану, жақсы жұмыс дағдыларын көрсету, пісіру, кеуектілік, салмағы, дәмі, саны, ұн бұйымдарының қыртысы мен үгіндісінің жай-күйі және т. б.
Чемпионатта біздің колледждің 3ТПП-8 тобының 3 курс студенті Қабдолла Мәдина лайықты өнерін көрсетіп, жүлделі орындардың бірін иеленді. Мадинаны жеңісімен құттықтай отырып, оған шығармашылық табыс, кәсіби өсу және өз кәсібіне адалдық тілейміз!
Ө/о шебері: Тынымова А. Ж