09.03.2023 жылы 1СК-22 тобында "options for the future"тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді
Өткізу нысаны: викторина
Өткізудің міндеттері: зерттелген материалды қайталау, білімді нығайту, командада жұмыс істей білу, болашақтың өнертабыстары туралы идеяларды байыту.
Іс-шараның мақсаты: студенттердің эрудициясы мен танымдық қабілеттерін дамыту, командада жұмыс істеу, ұжымдық шешім қабылдау.
Викторина Padlet тақтасында жасалды.
Топ castlots онлайн генераторының көмегімен 2 командаға бөлінді.
1-ші perfect командасы, команда капитаны - Кравцова Вероника
2-ші Nomads командасы, команда капитаны - Амантаев Думан.
1 тур:
Өнертабыс туралы сұрақтарға жауап беру, викторина WordWall платформасында жасалған
2 тур:
Қатысушыларға робот ойлап тауып, оның мүмкіндіктері мен адамзатқа көмегі туралы айту үшін үй тапсырмасы берілді.
3 тур:
What is this invention? Өнертабысты суреттен болжаңыз. Тапсырма Kahoot платформасында жасалған.
4 тур:
The Future – Next Exit. Болашақтың өнертабысы туралы сұрақтар. Тапсырма Kahoot платформасында жасалған.
5 тур:
Капитандар шайқасы. Команда капитандары ғалымдардың жаңалықтары мен өнертабыстарын анықтады. LearningApps платформасында жасалған.
Екі команда да қызығушылық танытып, белсенді қатысып, үйлесімді жұмыс жасады.
Шет тілі оқытушысы Ф.К.Әубәкірова