"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Аспаз ісі" құзыреттілігі бойынша 3 ОП-9 тобында WorldSkills колледжішілік чемпионаты

"Менің болашағым – менің мамандығым" - осындай ұранмен 10 наурыз күні 3ОП – 9 тобында "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша білім алушылардың 3 курс студенттерінің "Аспаз ісі" құзыреттілігі бойынша WorldSkills колледжішілік чемпионаты өтті. Байқаудың тақырыбы: "Балықтан екінші тағамдарды дайындау, рәсімдеу және беру".

Байқаудың негізгі міндеттері – шығармашылық бастаманы дамыту және қолдау, дұрыс тамақтануды насихаттау және жалпылау, қоғамдық тамақтану саласындағы болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Байқауға арналған тапсырма WorldSkills стандарттарын ескере отырып әзірленді.

Жарыс 3 сағатқа созылды, оның барысында 4 студент берілген модульдің өнімін дайындады.Байқау шарты бойынша барлық қатысушылар көксеркеден авторлық орындаумен (классикалық форманы сақтай отырып) "Телное" дайындауға тиіс болды, ал оқушылар өз қалауларымен гарнир мен тұздықты таңдап алды. Байқау сарапшылары тағамдарды дайындау, рәсімдеу және таныстыру технологиясындағы біліктері мен дағдыларын жоғары бағалады. Кәсіп бойынша ең үздігі болып Зайырбеков Баястан таңдалды.

Байқаудың барлық қатысушыларына қазіргі уақытта әлеуметтік серіктестер кәсіпорындарында өтіп жатқан кәсіби тәжірибелерін сәтті қорғауды және кәсіби жетістіктерді тілейміз!

Ө/о шебері: И.А.Кочкалда

Жаңартылған күні: 11.03.2021 15:56
Құрылған күні: 11.03.2021 15:56

Текст