"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Кәсіпкерлік" құзыреттілігі бойынша WorldSkills колледжішілік чемпионаты

2021 жылдың 24 ақпанында "Степногорск қ., индустриалдық-техникалық колледжі" МКҚК "Кәсіпкерлік" құзыреттілігі бойынша WorldSkills колледжішілік чемпионаты өткізілді.

Чемпионатқа "Есеп және аудит (салалар бойынша)" бітіру тобының 3 студенті қатысты: Борисочкина Ангелина, Бабичева Лейла, Куц Александра.

Байқау екі модульден тұрды:
1. Бизнес-жоспар.
2.Бизнестің қаржылық моделі.

Байқаудың ұзақтығы 3 сағатты құрады.

Чемпионат сарапшылары:
1. Стригун Софья Дмитриевна-арнайы пәндер оқытушысы
2. Прядеин Антон Сергеевич-экономикалық пәндер оқытушысы
3. Захарова Кристина Александровна-информатика оқытушысы.

Конкурс кезінде жұмыс барысын және қауіпсіздік техникасын техникалық сарапшы: өндірістік оқыту шебері Нұржақсина Айдана Ғазизқызы бақылады. Чемпионат қатысушылары бизнес-идеяны таңдауда креативтілік танытты. Ангелина Балалар кітап клубын,  Лейла – "Комикстар" клубын, ал Александра – "Тайм-кафені" ашу жоспарын әзірледі-оның негізгі идеясы әртүрлі уақыт өткізуге және бастауларға көмек көрсету үшін алаң ұсыну болып табылады.

Қатысушылар қаржылық есептеулерді орындауға жауапкершілікпен қарап, жобаларды қорғауға терең қызығушылық пен жеңіске деген ұмтылыспен дайындалды.

Сарапшылардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша бірінші орынды – Куц Александра, екінші орынды – Бабичева Лейла, үшінші орынды – Борисочкина Ангелина иеленді. Чемпионаттың сарапшылары мен қатысушыларына олардың қажырлы еңбегі үшін алғыс айтқым келеді.

Чемпионат қатысушыларына сәттілік және алға қойған мақсаттарына жетуді тілеймін.

Ө/о шебері: Нұржақсина Айдана Ғазизқызы

Жаңартылған күні: 01.03.2021 18:55
Құрылған күні: 01.03.2021 18:55

Текст