"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Кәсіпкерлік шақыру" құзыреттілігі бойынша ZhasSkills колледжішілік чемпионаты

2022 жылдың 11 наурызында «Кәсіпкерлік шақыру» құзырындағы «Ақмола облысының білім басқармасына қарасты Степногорск қаласының жоғары колледжі» МКҚК-да ZhasSkills колледжішілік чемпионаты өтті.
Байқауға 04110100 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша 5 студент қатысты: Угрюмова Милана, Лисина Кристина, Кусаинова Айгүл, Султангазина Наргиз, Гербер Екатерина.

Сайыс екі бөлімнен тұрды:

1. Еңбек қатынастарын тіркеу: қатысушыларға жұмысқа орналастыру туралы бұйрықтар шығарылды, осы құжат негізінде студенттермен еңбек шарты жасалды.
2. Шаруашылық операцияларды ресімдеу.

Жарыстың ұзақтығы 3 сағатты құрады.

Бұл байқаудың сарапшылары:

Бас сарапшы (қазылар алқасының төрайымы) – Стригун Софья Дмитриевна,  экономикалық пәндер оқытушысы.

Сарапшылар (қазылар алқасының мүшелері):
1. Рожко Н.О. - бас шебер
2. Прядеин А.С.- экономикалық пәндер оқытушысы.

Байқау кезінде жұмыс барысына және қауіпсіздік техникасына жауапты сарапшы: Нұржаксина Айдана Ғазизқызы – өндірістік оқыту шебері. Мамандар берген ұпайлар қорытындысы бойынша 1-орынды Құсайынова Айгүл, 2-орынды Лисина Кристина, 3-орынды Сұлтанғазина Наргиз иеленді.

Мамандар мен чемпионат қатысушыларына тынымсыз еңбектері үшін алғыс айтқым келеді. Чемпионатқа қатысушыларға сәттілік пен алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілектеспін.

Өндірістік оқыту шебері: Нұржаксина Айдана Ғазизқызы

 

Жаңартылған күні: 11.03.2022 14:33
Құрылған күні: 11.03.2022 14:33

Текст