"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Электрмонтаждау жұмыстары" құзыреттілігі бойынша WorldSkills Junior колледжішілік чемпионаты

2021 жылдың 16 наурызында "Степногорск қ., индустриалдық-техникалық колледжі" МКҚК-да "Электромонтаждау жұмыстары" құзыреттілігі бойынша WorldSkills Junior колледжішілік чемпионаты өткізілді. Конкурсқа "Өнеркәсіптегі электромеханикалық жабдықтар" мамандығы бойынша оқитын 2 курстың 4 студенті қатысты: Габров Алексей, Терентьев Даниил, Қайыржан Нұрсұлтан, Купаев Ильнар.

Байқау 2 модульден тұрды:
1-Жұмыс орнын ұйымдастыру, стенд алаңын ұтымды пайдалану
2-фазалық есептегішті тұрмыстық сымдарға қосу схемасын құрастыру

Байқаудың ұзақтығы 2 сағатты құрады.

Чемпионат сарапшылары:
1. Терек В. В. – "Степногорск қ., ИТК" аға шебер
2. Акименко Г.Ф . – "Степногорск қ., ИТК" МКҚК токарлық учаскесінің нұсқаушысы»
3. Петрова И.В.-арнайы пәндер оқытушысы

Байқаудың барысы мен қауіпсіздік техникасына техникалық сарапшы жауап берді – Голубева Инесса Яковлевна - өндірістік оқыту шебері.

Студенттер байқауға жауапкершілікпен және қызығушылықпен қарады. Әр қатысушы тапсырманы орындады, барлық схема сынақтан сәтті өтті.

Сарапшылардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша бірінші орынды Қайыржан Нұрсұлтан, 2 орынды Габров Алексей, 3 орынды Терентьев Даниил мен Купаев Ильнар иеленді. 

Біздің тәлімгерлерге біздің қатысушыларды чемпионатқа дайындауға қолдау көрсеткені және қатысқаны үшін алғыс айтқым келеді, ал балаларға кәсіби дағдыларын одан әрі табысты арттыруға тілектеспін.

Ө/о шебері Голубева И.Я.

 

Жаңартылған күні: 18.03.2021 17:10
Құрылған күні: 18.03.2021 17:10

Текст