7 ақпанда Степногорск қаласының Жоғары колледжінде CNC фрезерлік құзыреті бойынша ZhasSkills-2023 колледжішілік чемпионаты өтті. Чемпионаттың мақсаты – фрезерлік станоктарда жұмыс істеу кезінде алған дағдыларын көрсету, сонымен қатар болашақ мамандарды дайындау және осы мамандықтың беделін арттыру.
Чемпионатқа «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша оқитын екінші курстың үш студенті қатысты.
1. Маул Даниэль
2. Мельников Владислав
3 Роман Скориков
Сайыс тапсырмасы екі модульден тұрды
Бірінші модуль: сайыскерлер тест сұрақтарына жауап беруі керек.
Екінші модуль: «Тақта» бөлігін дайындау. Жеребе бойынша сайыскерлер «Тақта» бөлігін жасауы керек.
Бұл байқаудың сарапшылары:
Бас сарапшы – Мартынов Иван Александрович – арнайы пәндер оқытушысы
Сарапшылар
1. Ерещенко Алексей Васильевич – өндірістік оқыту шебері;
2. Акименко Геннадий Федорович – өндірістік оқыту шебері.
Байқау тапсырмаларының қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталды
1 орын – Маул Даниэль
Чемпионатқа қатысушылардың барлығына осымен тоқтап қалмай, жаңа бастамаларына сәттілік тілеймін.
Өндірістік оқыту шебері Артықбав Е.Е.