29 қаңтарда Ақмола облысының шығармашылық бағыттағы әдістемелік бірлестігінің "Қашықтықтан оқытудың белсенді әдістері арқылы студенттердің шығармашылық ерекшеліктерін дамыту" тақырыбында online отырысы өтті, вебинардың мақсаты: Қашықтықтан оқытудың белсенді әдістерін қолдану аспектілері бойынша тәжірибе алмасу; ТжКБ шығармашылық бағытындағы педагогикалық қызметкерлер қызметінің тиімділігін арттыру.
Әдістемелік бірлестік жұмысына колледж әдіскерлері, арнайы пәндер оқытушылары және шығармашылық мамандықтар шеберлері қатысты. Барлығы – 34 адам. Отырыстың басында Жумажанова Сауле Болатовна әдістемелік бірлестіктің жаңа төрайымы Шапкина Наталья Викторовнаны таныстырды.Конференция барысында колледждердің әріптестері қашықтықтан оқыту кезінде қолданылатын әдістермен, тәсілдерімен және компьютерлік бағдарламалармен бөлісті.
Біздің индустриалдық-техникалық колледжден Д.В.Титовский және Н. О. Рожко тәжірибе алмасты.Арнайы пәндер оқытушысы Дмитрий Владимирович мына тақырыпта баяндамасымен бөлісті:"Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем шығармашылық" мамандығы бойынша қашықтықтан оқыту кезінде арнайы пәндерді оқытудың ерекшелігі, өндірістік оқыту шебері Наталья Олеговна "Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем шығармашылық" мамандығы мысалында ҚОТ жағдайында өндірістік оқыту тақырыбын ашты.
Вебинар соңында қатысушылар арасында пікір алмасу болды.
В.А.Габченко