4 ақпан күні Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық бағыт оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің І отырысы мына тақырыпта өтті: "Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру". Біздің колледждің оқытушылары Д.Д.Вишняков және К.А.Бакбергенов білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әріптестерімен жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Дмитрий Дмитриевич "Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында қашықтықтан оқытуды ескере отырып, дене шынықтыру сабағын құрастыру" тақырыбындағы өз қызметінің нәтижелері туралы айтты .АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Көпжасар Ахметжамиевич "Аралас оқыту жағдайында АӘД пәнін оқытуды жетілдіру" тақырыбында баяндама жасады.
Оқытушыларымызға алдағы уақыттада шығармашылық табыстар мен кәсіби жетістіктер тілейміз.
В.А.Габченко