"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беру саласының көшбасшысы

10.02.2021

Көшбасшы болу - үлкен жауапкершілік және өз үстінде үлкен жұмыс алып бару. Бірақ сонымен бірге, бұл басқа адамдар үшін жақсы өмірге жетелейтін бақыт.

Жақсы көшбасшы болу үшін уақыт, тәртіп, үнемі дайындық және тәжірибе қажет. Ол адамдар үшін ғана емес, өзі үшін де көшбасшы болуы керек. Осылайша, біздің Имут Аутеновна Тупина өзінің кәсіби шеберлігін тағы да растай отырып, "Bilim-órkenieti" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының «БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды. 

Байқау шарты бойынша қатысушылар «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға ...» тақырыбында эссе жіберуі керек болатын. Эссе мұғалімнің білім беру саласындағы қосқан үлесін, оның көшбасшылығын сипаттай отырып, оқушыларға білім берудегі жаңашыл идеяларын бейнелеуі керек. Сондай-ақ, білім беру саласындағы жетістіктерді растайтын құжаттар (грамоталар, алғыс хаттар, дипломдар және т.б.) қоса берілуге тиіс.

Бұл байқауға республикалық деңгейдегі жоғары оқу орындарының, колледждердің оқытушылары мен мектеп мұғалімдері, қосымша оқыту педагогтары, педагог-мұғалімдер қатысты.

Имут Аутеновнаның эссесі үздік деп танылып, кітап жинағына қабылданды; "Білім беру саласының көшбасшысы" төсбелгісімен және І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Имут Аутеновнаны жеңісімен және марапатымен құттықтай отырып, жас ұрпақты тәрбиелеуде одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!

Джункабаева З.А., колледж оқытушысы 

 

Просмотров: 978


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст