"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру және "Еңбегі адал жас өрен" жобасын іске асыру аясында 1 қарашада "Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Степногорск қаласының жоғары колледжі " МКҚК-да А. С. Пушкин атындағы № 3 көпсалалы мектеп-лицейдің 9-сынып оқушылары колледждің оқу-өндірістік шеберханаларына экскурсияға барды. Балалар колледждің қандай мамандарды дайындайтыны туралы білді, өндірістік оқыту сабақтарының қалай өтетінін өз көздерімен көрді. Колледжде оқуды жалғастыру туралы байыппен ойлайтын балалар бар.