Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 32 жылдығына арналған айлық аясында 2021 жылдың 18-19 ақпанында 1 курс студенттері арасында әр топтан 5 адамнан алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша зияткерлік викторина өткізілді. Бұл викторина ZOOM қосымшасы арқылы өткізіліп, екі кезеңнен тұрды: біріншісі - іріктеу, екіншісі - финалдық ойын. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалға 3 топ – 1 ОП-20, 1 ТМА-20 және 1 АК-20 өтті, олар өзара бірінші, екінші және үшінші орындар үшін таласты.
Жарты ұпай айырмашылығымен (11) бірінші орынды 1 ТМА-20 тобының студенттері иеледі: Чуркин Егор, Махновец Иван, Замаев Тимур, Кутепов Данила және Таскаев Владислав. 10,5 балл нәтижесімен 1 ОП-20 тобының студенттері: Азмагамбетова Динара, Байбекова Маргарита, Ярышкина Алена, Середа Мария және Мужик Леонид екінші орынды иеленді. Үшінші орынды Кырстя Владимир, Арютов Евгений, Березниченко Денис, Перфильев Кирилл және Штаба Евгений студенттері құрамында 1 АК-20 тобы иеленді.
Бакбергенов К.А., АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы
Аударған: Джункабаева З.А.