Мектептен-дипломмен!
2025 жылғы 31 қаңтарда "Степногорск қаласының жоғары колледжі" МКҚК-да эксперименттік білім беру бағдарламасы бойынша оқудан өткен мектептердің 11-сынып оқушыларына техникалық және кәсіптік білім туралы дипломды табыстау рәсімі өтті.
Түлектер бағыттар бойынша мамандықтарды сәтті игерді:
🎨 "Интерьер дизайны" -"Көркемдік-дизайнерлік жұмыстарды орындаушы" біліктілігімен.
🚗 "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" - В, С1 санатындағы куәлік беріліп,"Автомобильдерді жөндеу жөніндегі слесарь" біліктілігі берілді.
Бұл бірегей білім беру жобасы мектеп оқушыларына тек орта білім алып қана қоймай, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеруге мүмкіндік береді. Техникалық және кәсіптік білім туралы диплом – бұл табысты мансапқа алғашқы қадам және одан әрі кәсіби өсу мүмкіндігі!
Түлектерді шын жүректен құттықтап, алдағы кәсіби қызметінде толағай табыстар тілейміз!