Отан қорғаушылары Күніне арнап, 2021 жылғы 5 мамыр күні инженерлік-педагог қызметкерлерінің арасында пневматикалық қарудан атыс бойынша сайыс өткізілді. Қару-жарақтан қолдану дағдыларын нығайту, мергендік өнерлерін асыру, Отанына сенімділік пен мақтанышын арттыру негізгі мақсат болып табылған сайыста жүлделі орындарға төмендегілер ие болды:
1 орын – Өндірістік оқыту шебері Сұнғат Талғатұлы Кенжебек;
2 орын – Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Дмитрий Дмитриевич Вишняков;
3 орын – Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Азат Сағындыкұлы Сарсенбаев және өндірістік оқыту шебері Серік Қорқытбайұлы Ахетов.
Сайысқа белсене қатысқан барлық ер инженерлік – педагог қызметкерлерге алғысымызды білдіре отырып, алдағы қызметтерінде табыстар тілейміз!
К.А.Бақбергенов, АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы