30.10.2025
2025 жылы 30 қазан айында Степногорск қаласының Жоғары колледжінде «Балаларымыздың қауіпсіздігі – отбасы мен колледждің ортақ қамқорлығы» тақырыбында жалпыколледждік ата-аналар жиналысы өтті. Кездесудің мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және қорғау ісінде отбасы мен білім беру мекемесінің күш-жігерін біріктіру.
Жиналыстың күн тәртібінде маңызды мәселелер қаралды:
1. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру туралы колледж басшысы Елена Викторовна Тарасова баяндама жасап, ағымдағы нәтижелер мен оқу процесін дамытудың басым бағыттары туралы айтты.
2. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу туралы Степногорск қ. ПБ ЖПБ бастығы Жанбеков Азамат Кувандыкович және ПБ ЖПБ ГЮП инспекторы Шаракаева Злата Флоридовна сөз сөйлеп, педагогтар мен ата-аналардың бірлескен профилактикалық жұмысының маңыздылығын атап өтті.
3.«Интернет-ресурстардың қауіптілігі. Интернетте алаяқтардың құрбаны болмау жолдары. Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас. Қорқыту мен буллингтің алдын алу» тақырыбы бойынша ҚПБ бастығының орынбасары Хамзин Ерлан Маратович және Степногорск қ. ПБ ҚПБ аға уәкілетті қызметкері, полиция капитаны Рахимов Бауыржан Сенбаевич баяндама жасады.
4. Балалардың қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігі, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі мәселесін ТЖБ бойынша директордың орынбасары Сатанова Айнур Бейсембаевна ашып көрсетті.
Жиналыс топтық ата-аналар кездесулерімен аяқталды, онда аралық аттестаттау қорытындылары шығарылып, ата-аналар комитеттерінің жаңа құрамдары сайланды.
Мұндай кездесулер колледж бен ата-аналар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді, сондай-ақ отбасылардың қазіргі қоғамда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тәсілдері туралы хабардарлық деңгейін арттырады.


