"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жемқорлыққа жол жоқ!" сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест-ойын

02.06.2021

Бүгін индустриалдық-техникалық колледжде "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест-ойын өтті. Колледж басшысы Елена Владимировна Крайнева квест-ойынға қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығы туралы айтып, командаларға адал бәсекелестік күрес пен табыс тіледі. Квест-ойынға 1 курс студенттерінің ішінен сегіз команда қатысты: 1ХЛ-20 тобы – "Манчестер сити", 1ТМА-20 тобы - "Anti-Corruption Club", 1АК-20 тобы – "Комета", 1Д-20 тобы-"Жулик не воруй", 1 ТТМ - 20 тобы-"Мудрецы", 1ОП - 20 тобы-"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы", 1МС– 20 тобы-"Неудержимые", 1МЭ– 20 тобы - "Дневной дозор».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест-ойын 3 турдан тұрды: 1 тур "Үй тапсырмасы" онда командалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсірілген бейнероликтерді көрсетті. 2 тур – "Адалдық турнирі", онда командалар этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша зияткерлік жарыстарға қатысты. 3 тур-8 станция бойынша спорттық жарыстар: "Сұрақ-жауап", "Кроссворд", "Пазл жина", "Кенгуру", "Нысанаға түс", "Көз өлшегіштер", "Арал",  "Оқимыз ба?». Квест-ойын аясында студенттер зияткерлік, шығармашылық міндеттерді шешіп, спорттық сайыстардан өтті. Барлық командалар өздерінің тапқырлығы мен креативтілігін көрсетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы квесттің жалпы қорытындысы бойынша "Дневной дозор" командасы - 1 МЭ-20 тобы жеңіске жетіп, жеңімпаз дипломымен және адалдық кубогымен марапатталды. Барлық қалған командалар қатысқаны үшін грамоталармен және "ИТК сыбайлас жемқорлыққа қарсы" тортымен марапатталды. 
 Барлық конкурстарды қазылар алқасы бағалады: "Jana urpaq STEP" қоғамдық қорының директоры-Салимова Зарина Қайратқызы, директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Сатанова Айнұр Бейсембайқызы, Директордың ОЖ жөніндегі орынбасары-Сердобинцев Андрей Евгеньевич, педагог-психолог Бабенко Ольга Борисовна, колледж Президенті, 3КИПиА тобының студенті Бердирахманова Альбина Нарберковна. Іс-шараны өткізуге демеушілік көрсеткен біздің әлеуметтік серіктесіміз "Jana urpaq STEP" ҚҚ директоры Салимова Зарина Қайратқызына үлкен алғысымызды білдіреміз.

Бірлесе отырып, Біз сыбайлас жемқорлықты толығымен жоюға немесе оның айтарлықтай төмендеуіне қол жеткіземіз! Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Айнұр Сатанова

Просмотров: 878


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст