"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының мақтанышы - мемлекеттік рәміздері

03.06.2021

Қазақстан Республикасының рәміздері күнін мерекелеу қарсаңында "Степногорск қ., Индустриалдық-техникалық колледжінде" тарих пәнінің мұғалімі Е.М. Жетпісова аталған іс-шараға арналған "Өз ойыным" зияткерлік ойынын өткізді. Іс-шараға 1 курс топтары қатысты. Іс-шараның мақсаты-Отанға деген сүйіспеншілікке, халықтың салт-дәстүрлерін құрметтеуге, ҚР Мемлекеттік рәміздерін, ел тарихын білуге тәрбиелеу. Балалар іс-шараға үлкен ықыласпен қатысып, осы тақырып бойынша жақсы білімдерін көрсетті. 

Білім алушыларды патриоттық тәрбиелеуде мемлекеттік рәміздерді пайдалану – жастардың патриотизмі мен азаматтығына тәрбиелеудің, ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың және қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайтудың маңызды құрамдас бөлігі.
Жеке мемлекеттік рәміздерге ие болу Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы негізгі қадамдардың бірі болды. Мемлекеттік рәміздер қоғамның саяси мәдениетінің бір бөлігі бола отырып, рухани, идеялық-адамгершілік мәдениеттің дамуына және елдің тәуелсіздігі, өзіндік ерекшелігі идеяларының іске асырылуына ықпал етеді.

Мемлекеттік рәміздерге құрмет пен бағалау сезімін тәрбиелеу азаматтық білім беру міндеттерінің бірі болып табылады.

Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері үшін мақтаныш идеяларын танымал ету және дамыту болып табылады.

Сатанова А.Б.

Просмотров: 924


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст