Текст
15.09.2026
«Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Степногорск қаласының Жоғары тау-кен индустриялдық колледжінде «Ана тілім – арым бұл!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Студенттер ана тілінің маңызы, оның халықтың тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін сақтаудағы рөлі, сондай-ақ мемлекеттік тілге және Қазақстанның тілдік алуандылығына құрметпен қараудың маңыздылығы туралы пікір алмасты.
Тіл – халықтың жаны, ұрпақтар сабақтастығы және рухани мұраның негізі.


