"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ұлы даланың жеті қыры"

28.01.2019

"Степногорск қаласы, индустриялық-техникалық колледжі" МКҚК-да "Ұлы даланың жеті қыры" атты театрландырылған қойылым өтті. Іс-шараны Қазақ тілі мен әдебиеті және Қазақстан тарихы оқытушылары Тупина И. А., Алиева Б. С. және Жетписова Е. М. жетекшілігімен "Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем шығармашылық" мамандығы бойынша оқитын үшінші және төртінші курс студенттері өткізді.

Студенттер өз қойылымында Ұлы даланың барлық жеті қырын аша білді: салт атты мәдениет, ежелгі металл өндіру технологиясы, аң стилі өнері, "Алтын адам", Түркі әлемнің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Регель қызғалдақтары мен Сиверс алмалары.

Осындай іс-шаралар студенттерге ата-бабамыздың көпғасырлық мұрасымен танысуға, мәдениетін бағалауға, тарихи отанын сүюге, ата-бабаларымыздың тарихын есте сақтауға және олардың дәстүрлерін құрметтеуге мүмкіндік береді. Біз балаларды өз тарихын мақтан тұтуға үйретуіміз керек! Тек осылай ғана біз тарихи бірегейлік дағдарысынан құтыламыз және Ұлы даланың мұрагерлері болып табыламыз!

Біздің іс-шараның қонақтары: Нұр Отан партиясының Степногорск филиалы төрағасының бірінші орынбасары Омарова Шолпан Жұмабекқызы, Степногорск тарихи-өлкетану мұражайының директоры Нұржанова Майра Өмірбайқызы, "Горняк" орталық мәдениет сарайының әдіскері, режиссері Татимбетова Рахимаш Садырқызы және Жастар ресурстық орталығының кеңесші-психологы Павлова Екатерина Валериевна.

А.Б.Сатанова

Просмотров: 326


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст