2019 жылдың 18 қаңтарында «Степногорск қаласы, индустриалдық-техникалық колледжі» МКҚК колледж Қамқоршылық кеңесінің бірінші отырысы өтті. Ашық дауыс беру арқылы қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып «Степногорск қ., ЕМК» АҚ бас директоры, облыстық мәслихат депутаты Томилов Анатолий Иванович сайланды.
Қамқоршылық кеңестің міндеттері: білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құқықтарының сақталуына, сондай-ақ білім беру мекемелерінің есебіне түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру болып табылады. Бұдан басқа Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді, білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді. Колледж қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады.