"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рахмет саған, түлек!

06.03.2019

2019 жылдың 26 ақпанында «Степногорск қаласы, индустриалдық-техникалық колледжі» МКҚК-сінде Астана қаласының Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрының жетекші актері бастаған «Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркем шығармашылығы» мамандығы бойынша 1,3,4 курс студенттері үшін достық кездесу және мастер-класс өтті.
Маштаков Сергей Сергеевич - 2004 жылдан 2007 жыл аралығында біздің колледждің қабырғасында білім алған  түлегіміз. Өзінің колледждегі оқуы кезінде ол өте көп рөлдерде ойнады және «Біздің ауланың балалары» КВН командасындағы ойын оны қатты шабыттандырған болатын - Сергей оқуының әр жылы өзінің актерлік әлемде кәсіпқой болғысы келетін фактіні түсіне отырып, өз бетінше өмір сүрудің алғашқы сабақтарын осы колледжден алғандығы туралы әлі күнге дейін мақтанышпен еске алады.
Біздің колледж – бұл барлығы үшін жайлы мекен екендігі құпия емес! Тек толерантты қарым-қатынас және жеке – бағдарлы көзқарас жасөспірімге  рухани дамыған тұлға және өз ісінің шебері болуға мүмкіндік береді. Білімі туралы диплом алған Сергей біздің Республикамыздың елордасына Қазақ ұлттық өнер университетіне актерлік шеберлік және режиссура факультетіне түсу үшін уақытты жоғалтпастан аттанып кетті. Ол 2011 жылдан бастап Астана қаласының Максим Горький атындағы Мемлекеттік орыс академиялық драма театрының актері. Сергей театр мен кинода 38 рөлге ие.
Өткен жылы Степногорск қаласына гастроль кезінде Сергей туған колледжіне келіп, студенттермен кездесіп, кәсіби қызметінің ерекшелігі туралы әңгіме өткізіп, мастер-класс өткізу аясында өз жетістігінің құпиясымен бөлісуге уәде берді.
Біздің бірінші курс және одан әрі еңбек жолын таңдаудан бір қадамдағы студенттеріміз, кезінде дәл өздері сияқты осы партада отырып, осы сахнада өнер көрсеткен, енді Қазақстан Республикасы театр әлемінде ғана емес, сонымен қатар біздің гүлденген мемлекеттен тыс жерлерде еліктеуге үлгі болып табылатын адаммен кездесуді асыға күтті.
Кездесудің бірінші бөлімі акт залында өтті, оның барысында кәсіби қызмет, жұмыс тәжірибесі, гастрольдер, жоғары оқу орнында оқыту кезеңдері, спектакльдер, түрлі режиссерлермен жұмыс және т. б. мәселелері бойынша диалог өтті.
Екінші бөлім барысында студенттер өздерінің тәжірибелік іс-әрекетінде белсенділік танытты: Сергей олармен тренингтер, актерлік шеберлік пен режиссерлік көзқарасты қалыптастыру жаттығуларын өткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша студенттер Сергей Сергеевичке өз алғыстарын білдірді, ал кешке «Дикарь» және «Ромео мен Джульетта» спектаклдеріне барды, олардың қорытындысы бойынша біздің білім алушылар мамандық таңдаудан қателеспегендеріне толық көз жеткізді!

Авторы: Ерещенко Н.В.
Аударған: Аубакирова Ф.К. 

Просмотров: 221


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст