"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Ұлы дала жастары» Республикалық олимпиадасының қорытындылары

29.03.2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Степногорск қаласы, индустриялық-техникалық колледжі» МКҚК студенттері 80 адамнан тұратын "Ұлы дала жастары" республикалық қашықтық олимпиадасына белсенді қатысты.
Президенттің бағдарламалық мақаласында рухани және мәдени құндылықтарды сақтап, оны дамыту — бұл олимпиаданың негізгі мақсаты. Қоғамдық сананы жаңғырту бағыттарының бірі патриоттық сезімді қалыптастыру бойынша жұмыс болып табылады.
Қазіргі білім беру өміріне қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу белсенді түрде енгізілді. Туған өлкенің тұрмысы мен мәдениетімен танысу, жас ұрпақты адамгершілік-эстетикалық тәрбиелеуге, олардың азаматтығының қалыптасуына, жоғары патриоттық сенімдерін қалыптастыруға, тәрбиеленушілердің белсенді өмірлік позициясын қалыптастыруға ықпал етеді, ал замандастарды ерлік істерімен танысу, мәдениет пен ақыл-ой еңбегіне баулиды, өскелең ұрпақтың азаматтық қасиеттерінің сипаты мен тәрбиесіне ықпал етеді.
Олимпиада тапсырмалары өте қызықты болды – логикаға, Қазақстан тарихын білуге, шығармашылық тапсырмаларға, ой-пікірлерге: сурет бойынша біздің көшпелілердің өмірі мен сабақтарын және олардың сабақтарын сипаттау, Қазақ хандығының алғашқы заңдарын атап өту, музыкалық аспаптарды сипаттау, суреттер бойынша қазақ суретшілерін анықтау, белгілі шығармадан үзінді бойынша оқиғаны, уақытын және авторын анықтау халық жадындағы Ұлы Отан соғысы батырлары-қазақтарының есімдерін атау, Ұлы Отан соғысы батырлары - қазақтарының есімдерін, әрбір пікірдің авторын табу, мәтінді қолдана отырып, әр түрлі дәуір лидерлерінің аттарын анықтау, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында әзірленген жастарды қолдау үшін барлық бағдарламаларды көрсету, футболкада сіздің жеке қасиеттеріңізді анықтайтын сурет немесе жазу салу.
Студенттер өз ойларын ортаға салды. Барлық қатысушылар сертификаттар алды, сонымен қатар жеңімпаздарға дипломдар мен мақтау қағаздары берілді.
Мақтау қағаздарын Зубченко Виктор, Кусаинова Анель, Лапа Алиса, Баяхметова Гульдана, Жангазина Лаура, Шванева Анна, Кабдола Мадина, Коротков Михаил, Сокол Татьяна, Шульжук Камила, Алимжанов Аян, Михайлов Дмитрий және басқалар алды.
Жуликова Татьяна, Кондратов Павел, Браунагель Вадим, Секретарюк Елизавета, Ниязова Анна, Горланова Людмила, Роот Татьяна, Малашенко Владислав және басқалар 3 орын иеленді.
Кун Ульяна, Вергизова Валентина және басқалар 2 орын иеленді.
1 место – Жетписова Зарема, Мусенова Куралай, Трушина Александра және басқалар 1 орын иеленді.
Балалар өздерінің потенциалын, білімдерін ашты. Олимпиада жеңімпаздарының жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.
Осындай белсенділіктің, оқытушылар мен студенттер ұжымының ұйымшылдығының арқасында колледж олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының кубогын жеңіп алды.

Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы: Е. Жетписова
Аударған: Ф. Аубакирова

Просмотров: 351


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст