Бүгін Степногорск қаласында «Жыл студенті» қалалық жастар байқауы өтті. Конкурсты «Степногорск қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды. Аталған байқаудың мақсаты: - жастарды қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысуға тарту, - студенттердің коммуникативтік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, - үздік студенттерді анықтау және ынталандыру. Байқауға Степногорск қаласы колледждерінің үздік студенттері қатысты: Горланова Людмила, Копылов Андрей – «Индустриалдық-техникалық колледжі» МКҚК, Олжабай Айбек – «Тау-кен техникалық колледжі» МКҚК, Болдорев Игорь – «Мақсат» колледжі. Байқау 3 кезеңнен тұрды: 1. «Визит карточкасы» конкурсы, 2. «Мен студентпін» бейнероликтер байқауы, 3. Брифинг.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Жыл студенті -2019» біздің колледждің студенті Горланова Людмила болды.