2019 жылдың 1-3 сәуірі аралығында Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі және MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Степногорск қаласы әкімдігінің қолдауымен «Дуальды оқыту және цифрландыру» атты тренинг өткізді. Тренингке Индустриалдық-техникалық колледждің өндірістік оқыту шеберлері мен «Химиялық технология және өндіріс» мамандығы бойынша студенттері шақырылды.
Жаттықтырушылар Аделия Кананова, Дана Искакова, Мейржан Жалкыбай және Станислав Ханин – жас ерекшеліктеріне қарамастан, үлкен практикалық тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар. Оқытудың барлық күні бойы әртүрлі деңгейдегі тренингтер өткізілді, олардың әрқайсысында барлық қатысушыларға өте қарапайым және қолжетімді түрде теориялық материал баяндалды және тақырыптар бойынша практикалық тапсырмалар берілді. Атмосфера шын мәнінде жылы болды. Әр топ алға қойылған міндеттерді шешуде жұмыс істеді.
3 сәуірде дәрісті Қазақстандағы Конрад Аденауэр қоры кеңсесінің директоры Томас Хельм өткізді. Дәріс соңында Хельм мырза диалог жүргізді және барлық тілек білдірушілерге қызықты сұрақтарға жауап берді.
Үш күн көзді ашып-жұмғанша өте шықты, бір ғана күрсінерлік жағдай тренингтің аяқталғаны болды.
Оқыту аяқталғаннан кейін тренингтің барлық қатысушыларына халықаралық үлгідегі сертификаттар табысталды.
Автор: өндірістік оқыту шебері Тополя В.В.
Аударған: Аубакирова Ф.К.