Мен оғаш әрі кереметпін,
Мүмкін сен де сондай шығарсың?
Ауада дауыс хор,
Өкінішті, ол саған естілмейді.
Мұңды жүргім келмейді,
Мен оғаш әрі кереметпін…
2019 жылы 9 сәуірде халықты аутизм туралы ақпараттандыруға арналған іс-шаралар айлығы аясында «Степногорск қаласы, индустриялық-техникалық колледжі» МКҚК-да «Жаңбыр адамы, аутизм?» атты сынып сағаты және «Жаңбыр балалары немесе аутизм дегеніміз не?» атты лекторий өтті. Бұл іс-шаралардың мақсаты - студенттердің аутизм мәселесі бар балаларға ізгілікті қарауға және осындай адамдарға көмек көрсетуге деген ынтасын қалыптастыру. Аутистер - оғаш, ерекше балалар: оларды жиі ақыл-есі кем балалар ретінде қабылдайды . Бірақ анықталуда: мұндай балалардың қарапайым адамдарға тән емес зияткерлік мүмкіндіктері бар. Әлемде ресми түрде 67 000 000 аутист тіркелген. Аутизммен ауыратын балалардың 80% - дан астамы – мүгедектер. Аутизм 21 ғасыр ауруы деп аталады. Бұл мәселе бар адамдар үшін символдық түс-жаңбыр түсі.
2008 жылдан бастап, жыл сайын 2 сәуірде 2007 жылғы 18 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы белгілеген аутизм мәселесі туралы ақпаратты таратудың дүниежүзілік күні болып табылады.