15 Сәуірде «Степногорск қаласы, индустриялық-техникалық колледжі» МКҚК-да жалпы білім беру пәндері бойынша "Эрудит-2019" конкурс-олимпиадасының салтанатты ашылуы өтті. Бір апта бойы іріктеу кезеңінен өткен 1 курс студенттері ең білімді студент атағына таласады. Конкурс орыс тілі мен әдебиеті, математика, қазақ тілі мен әдебиеті, физика, ағылшын тілі, химия, Қазақстан тарихы пәндері бойынша өткізіледі.
15 сәуір күні таңертеңнен бастап әр түрлі топтардан 19 студент қатысқан орыс тілі мен әдебиетінен олимпиадасы өтті. Күннің екінші жартысында тағы да 19 студент қатысқан математикадан олимпиада өтті.
Салтанатты жабылу рәсімі дүйсенбі – 22 сәуірде өтеді, онда конкурстың қорытындысы шығарылады, сондай-ақ жүлдегерлер мен «Эрудит -2019» атағының иегері марапатталады.
Авторы: Ерещенко Н.В.
Аударған: Аубакирова Ф.К.