Қазақстанда 14 ақпан күні атап өтілетін Халықаралық Әулие Валентин күніне балама ретінде аты аңызға айналған Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күніне арналған 15 сәуір күні ұсынылды. Қазақстандық ғашықтар күні халық эпосымен байланысты, ғашықтың тазалығы мен сұлулығын көрсетуге арналған. Бұл қазақстандық әйелдер мен ұлттық батырлардың бүтіндігін, бейнесін насихаттау.
2019 жылы 15 Сәуірде «Горняк» ОМҮ «Жастар жылы»аясында «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» атты байқау-ойын бағдарламасы өтті, шараға «Индустриалдық-техникалық колледжі» МКҚК студенттері қатысты: Жанасилина Толкын және Шекембай Магжан, Жетписова Зарема және Токежанов Медет, Кузьма Вадим және Баяхметова Гульдана. Байқау-ойын бағдарламасы екі бөлімнен тұрды: блиц турнир және шығармашылық нөмір.
Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды Зарема мен Медет – «Штольц» мейрамханасындағы романтикалық кешкі ас, 2 орынды Толкын мен Магжан-салондағы фотосессия және 3 орынды Гульдана мен Вадим жеңіп алды. Іс-шараның ұйымдастырушылары – «Горняк» ОМҮ.
Байқау ұйымдастырушыларына ынтымақтастық пен Жастар бастамаларын қолдау үшін зор алғысымызды білдіреміз!
Авторы: Сатанова А.Б.
Аударған: Аубакирова Ф.К.