"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Степногорск қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Абилова Гульназ Маратовна студенттермен кездесу

19.04.2019

Бүгін 2019 жылдың 18 сәуірінде «Степногорск қаласы, индустриалдық - техникалық колледжі» МКҚК базасында Степногорск қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Абилова Гульназ Маратовнамен кездесу өтті. Кездесуге Степногорск қаласының ІІБ ювеналды полиция аға инспекторы, капитан Курбанбаев Руслан Алмуратович және «Индустриалдық-техникалық колледжі» МКҚК, «Тау-кен - техникалық колледжі» МКҚК және «Мақсат» колледжінің студенттері қатысты.
Гульназ Маратовна жастарды қолдау - бұл ел прогрессіне инвестиция салу екенін атап өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бастап білім беру, денсаулық, жаңа ақпараттық технологияларға қол жеткізу, кәсіби және тұлғалық бәсекеге қабілеттілік, патриоттық тәрбие беру, жас ұрпақты табысты әлеуметтендіру мәселелері басты назарда. Сонымен қатар, жастар алдында үлкен таңдау тұр, ең алдымен, жұмысшы мамандықтарға басымдық берілген. Мамандық алып, туған жерінде өз орны мен мақсатын табуға болады және солай жасау керек.
- Табысқа жету формуласы қарапайым: сіз өз алдыңызда айқын мақсат қоясыз, әрқашан іздеуде болу, алға қойылған мақсаттарға жету үшін күресу және оң нәтижелерге қол жеткізу, жоғары жұмысқа қабілеттілікке ие болу, жалқау, өз құрдастарына үлгі беруіңіз керек. Сіздің өмірлік ұстанымыңызға көп жағдайда жақын болашақта Степногорск өңірі халқының өмір сүру сапасы тәуелді болады, - деп атап өтті - Гульназ Маратовна.
Ювеналды полиция инспекторы Қурбанбаев Руслан Алмуратович, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылатынын атап өтті. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының басты себебі олардың өз іс-әрекеттерінің салдарын түсінбеуі немесе дұрыс бағаламауы, заңсыз әрекеттерді қауіпті, бірақ қызықты ойын деп санауы болып табылатынын айтты. Құқық бұзушылық үшін жағдай дұрыс емес тәрбие, бос уақытты өткізу, қолайсыз орта болып табылады. Сондай-ақ Руслан Алмуратович кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар статистикасын келтірді, ата-аналардың өз балаларын тәрбиелегені үшін әкімшілік жауапкершілігі, кәмелетке толмағандардың кешкі уақытта (22:00-07:00) жоғары жауапкершілігі және қылмыстық жауапкершіліктің басталу жасы туралы еске салды, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылатынын атап өтті және жауапкершіліктің басталу жасы туралы еске салды.
Кездесу соңында Гульназ Маратовна мен Руслан Алмуратович студенттерге осы іс-шараға қатысқандары үшін алғысын білдірді.
Мұндай кездесулерді жүйелі түрде өткізу қажет, - жастар - біздің болашағымыз. Бүгін біз ертең, бізге ауысуға келетін адамдар үшін жұмыс істейміз.

Авторы: Сатанова А.Б.
Аударған: Аубакирова Ф.К

Просмотров: 676


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст