"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жеңіспен құттықтаймыз!

26.04.2019

WorldSkills (WS) - жұмысшы кәсіптерді танымал ету, бүкіл әлем бойынша кәсіби даярлық пен біліктілік мәртебесі мен стандарттарын арттыру мақсатындағы халықаралық қозғалыс. 2015 жылдан бастап Қазақстан WorldSkills халықаралық қозғалысына қатысады.
Біздің колледж де бұл шарадан тыс қалмай, төрт жыл бойы әртүрлі құзыреттілік бойынша кәсіби конкурстарға белсенді қатысады. «Степногорск қаласы, индустриялық-техникалық колледжі» МКҚК екінші корпусында наурыз айында «Кірпішпен қалау» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kazakhstan аймақтық чемпионаты өтті. Ақмола облысы бойынша бес колледж қатысты: «Көкшетау қаласы, №1 құрылыс-техникалық колледжі» КММ; «Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжі» МКҚК, «Щучинск қаласы, экология және орман шаруашылығы колледжі» МКҚК, «Ерейментау қаласы, №  8 агротехникалық колледжі» КММ, «Степногорск қаласы, индустриалдық-техникалық колледжі» МКҚК.
Барлық қатысушылар өздерінің оқу орындарында алған шеберлігі мен дағдыларын көрсетуге үлкен ықыласпен көңіл бөлді. Чемпионаттың техникалық тапсырмасы күрделі болды, екі бөлек бөліктен тұрды: бұрандалы баған және декоративтік қалаулар, соңында олар тік қалаумен біріктіріліп, бірыңғай кірпіш конструкциясына айналады. Тапсырманы орындауға жалпы 9 сағат берілді: бірінші күні 6 сағат жұмыс істеді, екінші күні 3 сағат жұмыс істеді.
Әдеттегідей чемпионат ҚТ бойынша инсруктаж жүргізуден және техникалық тапсырмамен танысудан басталды. 
Чемпионатқа қатысушылардың жұмысын елесі құрамдағы сараптау комиссиясы бақылап, бағалады:
1. Сараптау комиссиясының төрағасы – Маханалин Азамат Серикович (Степногорск қаласы, аймақтық кәсіпкерлер палатасының директоры)
2. Бас сарапшы– Окопович Николай Станиславович («МСУ-104» ЖШС участок басшысы)
3. Сарапшы – Тимофеев Николай Федорович («Меркурий-204» ЖШС прорабы)
4. Техникалық сарапшы – Ахетов Серик Коркытбаевич («Степногорск қаласы, ИТК» МКҚК ө/о шебері).
Чемпионаттың жеңімпаздарын марапаттау 17.04.2019 ж. Көкшетау қаласында «Достар» МҮ салтанатты түрде өтті.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсетіп, екінші орынды «Щучинск қаласы, экология және орман шаруашылығы колледжі» МКҚК студенті Владимир Вятчанин иеленді және 2 дәрежелі дипломмен, медальмен және 75000 мың теңгеге сертификатпен марапатталды; бірінші орынды «Степногорск қаласы, индустриалдық-техникалық колледжі» МКҚК студенті Стрельцов Владимир иеленді және 1 дәрежелі дипломмен, медальмен және 100000 мың теңгеге сертификатпен марапатталды. Стрельцов Владимир «Кірпішпен қалау» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатында Ақмола облысын таныстырады.

Авторы: Ахетов С.К.

Аударған: Аубакирова Ф.К.

Просмотров: 431


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст