"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әлем күнмен, ал адам біліммен жарқырайды

26.04.2019

«Эрудит-2019» апталығы аясында физика пәнінен колледжішілік олимпиада өтті. Өткен жылы бұл колледждер арасындағы олимпиада ретінде өтер еді. Енді біз ортақ мақсаттары мен міндеттері бар біртұтас топпыз – бір орында тұрмай, тек алға жылжуымыз керек. Колледждің 1 және 2 – ші корпусындағы әр түрлі мамандықтағы 19 студент қатысты. Іс-шараға тек қана студенттер ғана емес, оқытушылар да мұқият дайындалды. Тапсырмаларды құрастыру кезінде әр мамандық үшін пән бойынша тақырыптық сағаттарды есепке ала отырып дифференциалды тәсіл ескерілді. Іс-шараға қатысушылар арасында жеңіске деген ынта мен бәсекелестіктің рухы, сондай-ақ оқытушылардың өз студенттері үшін ішкі күйзелісі сезілді. Міне, ол көптен күткен нәтиже мынадай:
1 орын - Сахнова И. 1Д-3 тобы; 
2 орын – Бабичева Л. 1Б -18 тобы;
3 орынды Муратов А 1МС-18 тобының және Шванёва А 1ТПП-8 тобының студенттері иеленді. 
Жеткіліксіз бал жинаған студенттерге көңілдерін түсірмесін дегім келеді, ең бастысы – өзіне деген сенімнің болуы. 
Колледж әкімшілігі мен әдістемелік қызмет қызметкерлеріне студенттерді де, оқытушыларды да ынталандыратын, нәтижеге оқуға және жұмыс істеуге, олардың зияткерлік және кәсіби өсуіне ықпал ететін шараларды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін үлкен алғысымды білдіремін. «Сабыр түбі – сары алтын» демекші, аянбай еңбек етсең, ақыр аяғында нәтижесі міндетті түрде қуантатын болады. 

Л.Н.  Дениева физика пәнінің оқытушысы

Аударған: Аубакирова Ф.К.

 

Просмотров: 234


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст