"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  Степногорск қаласының жоғары колледжі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший колледж города Степногорск  при управлении образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер

    


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құқықтық лекторий

17.05.2019

2019 жылы 14 Мамырда «Степногорск қаласы. индустриалдық-техникалық колледжі» МКҚК-да «Сыбайлас жемқорлық құқыққа қарсы әрекет ретінде» және «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында құқықтық дәріс өтті.  Колледж студенттерімен дәріс ІІБ МЮП инспекторы, полиция капитаны Р. А. Қурбанбаев және полиция аға лейтенанты, криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Б. А. Жаралгасов өткізді.
Дәріс барысында Р. А. Қурбанбаев Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі міндеттері түсіндірді: Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және халық пен мемлекетке қызмет ету үшін кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру. Сонымен қатар стратегияға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басты мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылатынын атап өтті. Кездесу соңында студенттер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге өзге де түрде жәрдемдесетін тұлғаларды марапаттау ережелерімен таныстырды
Жаралгасов Б. А. өз сөзінде студенттерге есірткі және психотроптық заттардың адам ағзасына зиянды әсері, спайстерді және басқа да галлюциногендерді қолдану қаупі туралы айтып берді. Эйфория сезімін алу үшін, нашақор бәріне барады. Ол моральдан айырылып,  отбасын бұзады, қылмыскер және тіпті өлтіруші болады. Есірткі тәуелділігі бар науқастың жеке басы өзімшіл болады, ал денесі таусылады, нәтижесінде нашақор өзінің өліміне жақындай бастайды.  Ол балаларды қырағы болуға және күмәнді ұсыныстарға берілмеуге шақырды.

Авторы: Сатанова А.Б.

Аударған: Аубакирова Ф.К.

Просмотров: 351


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст